Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

1 Қазан 2021, 09:19
11464
Бөлісу:
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі қайырымдылық іс-шарасын өткізді. 

Елшілік «Friends of Korea» студенттерге қолдау көрсету клубтарының қоғамдастығымен бірге «Қорғау» фондына қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл іс-шара Кореяның құрылған күніне орай ұйымдастырылды.

Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Іс-шараға Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок, «Қорғау» қорының басшысы Анна Рыль, Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк, өкілдің орынбасары қатысты. Қазақстандағы «БҰҰ әйелдер» құрылымының басқарма төрағасының орынбасары Дина Амришева, Назарбаев университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерінен құралған «Friends of Korea» тобының өкілдері қатысты.

Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Іс-шара аясында елші Ку Хонг-сок мырза мен Кореяның «Friends of Korea» қауымдастығы жалпы сомасы 3 500 АҚШ доллары тұратын тұрмыстық техниканы сыйға тартты. 

Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Дипломат Ку Хонг-сок Анна Игоревнаға 10 жыл бойы қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға арналған баспананы басқарудағы қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Қазақстан мен Корея пандемияның қиын кезеңін бірге еңсеріп келе жатқан достас ел. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарынан кейін елдер арасындағы достық қарым-қатынас одан сайын нығая түсті. Корей халқының жылы лебізі осы үйдің тұрғындарын алдағы қыста жылытса екен деймін, - деді елші Ку Хонг-сок.
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Сонымен қатар «Қорғау» қорының басшысы Анна Рыль да қайырымдылық іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.  
Біз көмек үшін өте ризамыз. Сыйға берілген барлық тұрмыстық техника - біздің баспанаға қажетті заттар. Сондай-ақ бұл тігін машинасы, пеш осында тұратын әйелдерге табыс табуға мүмкіндік береді, - деді Рыль.
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Ал өз кезегінде Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк мұндай жобалар әлі жалғасын табатынын айтты.  

Елшілікпен нәтижелі ынтымақтастық орнаттық. Енді мұндай жобалар жалғасын табады деп сенемін. Дәл қазір Нұр-Сұлтанда көрсетіліп жатқан мұндай қолдау болашақта Қазақстанның басқа аймақтарында да жүзеге асады деп сенеміз, - деді ол.
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» атынан Дина Амришева да сөйледі.  
Елшілікке осы шараға қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ Аннаға әйелдердің құқықтарын дамытуға және қорғауға қосқан үлесі мен көмегі үшін рахметімді айтамын.  Біз гендерлік саясат саласында әр түрлі бағдарламаларды, стратегияларды жүзеге асыруға тырысамыз. Анна сияқты белсенділерді қолдау біздің ортақ ісімізде баға жетпес. Корея елшілігінің серіктестерімізді сөз жүзінде ғана емес, іс арқылы да қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз, - деді ол.
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді

Іс-шара соңында Корея достары тобының өкілі, Назарбаев университетінің студенті Адия Абдрахманова баяндама жасады.  
Студенттер атынан елшілікке осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Бүкіл әлемді пандемия жайлаған осынау қиын кезеңде көмек қолын созып, бір-біріне жәрдем беру өте маңызды. Мұндай шаралар екі ел арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, достық қарым -қатынасты дамытуға ықпал етеді, - деді волонтер.


Өзгелердің жаңалығы