Ashyq: Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 21 млн теңгеден астам айыппұл cалынды

1 Қазан 2021, 12:47
3886
Бөлісу:
Ashyq: Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 21 млн теңгеден астам айыппұл cалынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. Оның айтуынша, қалада 8571 нысан Ashyq жобасына енген.

Карантин режимін сақтамаған 488 жеке тұлғаға 21074005 теңге айыппұл салынды. Олардың 486-сы - «қызыл» мәртебесімен және 2 адам «сары» мәртебесімен карантин талаптарын бұзған. Эпидталаптарды сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, - деп атап өтті мегаполис басшысының бірінші орынбасары. 

Айта кететін жайт, «қызыл» және «сары» мәртебесі анықталған тұлғаларға 14 күндік үй карантинін сақтау керектігі туралы хабарлама берілген. «Сары» мәртебесі бар азаматтарға санитариялық эпидемияға қарсы шараларды орындаулары туралы 470 қаулы шығарылыпты.

Басқа облыстардан келіп анықталған 332 адам бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін аумақтық департаменттерге хаттар жолданды. QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі анықталған жеке тұлғалар бойынша 2421 хабарлама түсті. Шымкент қаласы бойынша анықталғаны - 2089, соның 1521-і - «қызыл» және 568-нің «сары» мәртебесі бар, - деп атап өтті Шыңғыс Мұқан. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент халқының 98%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы