Қазан айында ауа райы қандай болады

1 Қазан 2021, 12:05
1888
Бөлісу:
Қазан айында ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір айдағы орташа ауа температурасы, елдің көп бөлігінде көпжылдық нормаға жуық болады деп болжанып отыр.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батыс жартысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде нормадан 1° жоғары.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан аз жауын-шашын түседі.

Болжамға сәйкес, Ресейдің Еуропалық аумағы арқылы өтетін Скандинавия мен Баренц теңізінің аудандарынан суық антициклон, қазан айының басында республиканың батыс жартысында ауа райын қалыптастырады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, керісінше, батыс және оңтүстік циклондардың жырасынан және белсенді фронтальді бөліктердің өтуінен жауын-шашын болжанады (жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ) – Қазақстанның таулы аудандарында нөсер болуы мүмкін.

Айдың бірінші онкүндігінде солтүстік-батыс антициклонның батыс өңірлерге басып кіруі, ауа температурасының түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз +10+15°С дейін төмендеуіне алып келеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан 0,+5°С-қа дейін төмендейді. Ал бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап, республиканың басым бөлігінде 10-12 градусқа дейін жылынады.

Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде, Жерорта теңізі мен Орта Азия аудандарынан оңтүстік-батыстан жылы ауа массаларының шығарылуымен, біраз жылы күндер болады.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +19+25°С дейін жылынады. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -4-10°С дейін, күндіз -2+3°С дейін, оңтүстік жартысында – түнде -5+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендендейді.

Өзгелердің жаңалығы