Ғалым асқабақтың қатерлі ісікке қарсы әсері туралы айтты

1 Қазан 2021, 14:40
1418
Бөлісу:
Ғалым асқабақтың қатерлі ісікке қарсы әсері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқабақтың құрамында ісік тамырларының өсуін тежейтін зат бар, яғни аталған көкөністі жеу қатерлі ісік қаупін төмендетеді. Бұл туралы диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты, деп жазды Хабар24.

Соңғы уақытта біз белгілі бір өсімдіктерден ісіктердің пайда болу ықтималдығын азайта алатын қасиеттерді таптық, – деді маман. 
Оның айтуынша, бұл өнім антиоксиданттарға бай, сонымен қатар қатерлі ісікке қарсы әсері күшті. 
Асқабақта каротиноидтардың, А дәруменінің көп мөлшері бар. Олар адам ағзасында пайда болатын мутация процесін баяулатады және бұл да қатерлі ісікке қарсы әсер етеді, – деп жалғастырды сөзін дәрігер.


Өзгелердің жаңалығы