Түркістандық полицейлер ардагерлерді құттықтады

1 Қазан 2021, 22:10
2129
Бөлісу:
Түркістандық полицейлер ардагерлерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық полицейлер Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 

1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында 1-қазан – Халықаралық қарттар күні болып жарияланған болатын. Содан бері бұл мереке біздің елімізде де жыл сайын аталып, қарттарға құрмет көрсетілуде. Осы орайда биылғы жылғы қарттар күні қарсаңында Түркістан облысы ПД бастамасымен қалалық, аудандық бастауыш ардагерлер ұйымынан 13 зейнеткер арнайы марапатталды. 

Бұл шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Іс шара барысында Созақ ауданы, Шолаққорған елді-мекенінде бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері Талас Қожабаев, Дәуірбек Елібаев және ардагер полиция полковнигі Сағидулла Жұматаевпен кездесу өткізді. Кездесуге Созақ АПБ және Қазығұрт АПБ жас мамандары қатысты. Жиын барысында ардагерлер қызмет атқарған уақытта бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын баяндап, жас полицейлерге ақыл-кеңестерімен бөлісті. 

Кездесуге шақырылған қарттарға қызметкерлер арнайы құрмет көрсетіп, облыстық ардагерлер кеңесі мен жергілікті полиция бөлімі басшылары тарапынан жасалған сый-сияпаттарын тарту етті. 

Өзгелердің жаңалығы