СOVID-19: Ақмола облысының 250 мыңнан астам тұрғыны вакцинаны толық алған

1 Қазан 2021, 18:00
5912
Бөлісу:
СOVID-19: Ақмола облысының 250 мыңнан астам тұрғыны вакцинаны толық алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова хабарлады. 

Оның айтуынша, халықтың 61,4%-дан астамы екпенің екі компонентін де салдырған.

Бұл 250 мыңнан астам адамды құрайтын көрінеді.

Бірінші компонентті шамамен 300 мыңнан астам салдырды. Бұл вакцинациялануы тиіс халықтың 69,1%-ына тең. Вакцинациялау жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдары, облыстың билігі үнемі бақылауда ұстап, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия үнемі жүргізіледі, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар екпе салатын бригаданың саны да көбейген.

Соңғы уақытта екпе салатын бригаданың санын 5 есеге арттырдық. Вакцинация басталғанда оның саны 30-ды құраса, бүгінгі таңда 130-дан асады. 260 екпе бекеттері мен мобильдік бригадалар жұмыс істейді. Алыс елдімекендерде 11 жылжымалы кешендеріміз орналасқан. Одан басқа, халық саны аз аудандарда екпенің тиісті жоспарын аяқтадық. Жылжымалы мобильдік бригадамызды оған мұқтаж аудандарға жібердік, - деп нақтылады Айна Мысырәлімова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында ковидтік стационарлар саны 3 есеге қысқарғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы