Алматыда ағаш цехы отқа оранды

1 Қазан 2021, 16:03
5706
Бөлісу:
Алматыда ағаш цехы отқа оранды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін сағат 14.50 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы ағаш цехы өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі өртті сөндіруге 11 техника мен 30 адам жұмылдырылғанын хабарлады. 

Өрт Алмалы ауданы Райымбек даңғылы, 348/3 мекен жайында болған.

Өрт сөндірушілер 6 минутта келді. Ол кезде бір қабатты ағаш цехының (бояу бөлімі) төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралуы жапсарлас орналасқан ғимараттың төбесіне қауіп төндірді. Өртті сөндіруге 11 техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 16 минуттан кейін ауыздықталды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жедел атқарылған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер тауар-материалдық құндылықтарын өрттен аман алып қалған.

Өзгелердің жаңалығы