COVID-19: Шымкентте 32 мыңнан астам вирус ошағы анықталды

1 Қазан 2021, 10:49
4151
Бөлісу:
COVID-19: Шымкентте 32 мыңнан астам вирус ошағы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. 

Оның айтуынша, Шымкентте 32307 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған.

Соның ішінде індет 1551 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркеліп отырған көрінеді.

Бүгінде 1479 белсенді ошақ қадағалануда, оның 494 үй ошақтары, 985 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркелген. Барлығы 76767 қарым-қатынаста болған адам анықталып, зертханалық тексеріліп, медициналық бақылауға алынған, - деп атап өтті қала басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол барлық тіркелген ұйымдастырылған ұжымда індетке қарсы іс-шаралар жүргізіліп, қаулылар шығарылғанын алға тартты. Вирус жұқтырғандармен қарым-қатынастағылар анықталып, COVID-19-ға зертханалық тексерілген.

Бір тәулікте 1414 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде 126 оң нәтижесімен, өсуімен 679916, оның ішінде 39849 оң нәтижесімен анықталды, - деді Шыңғыс Мұқан.
Өзгелердің жаңалығы