IAAR форумы: Astana IT University-дің алдағы мақсаттары қандай?

1 Қазан 2021, 10:45
4474
Бөлісу:
IAAR форумы: Astana IT University-дің алдағы мақсаттары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Astana IT University директоры  Дархан Ахмед-Заки мәлім етті. 

Оның мәлімдеуінше соңғы жылдарда елімізде Аккредиттеу жəне рейтингтің тəуелсіз агенттігінің (IAAR)  жұмыстары қарқынды жүруде. 

Бұл  білім саласының сапасын арттыруға үлес қосатын бірден бір агентігіміз. Жалпы, тарихқа қарайтын болсақ, әрбір университет кезең кезеңмен даму сатысында оқу үрдісі, ғылыми саласы одан кейін қауымға беретін үлесіне байланысты белгіленеді. Бұл агенттіктің арқасында біздің оқу ордаларымыз өзіне жауапкершілік алуды үйренді, Жауапкершіліктің арқасында істеген жұмыстарына нақты қадамдарымен қарайтын болды, - дейді IT университетінің директоры.

Сонымен қатар ол бұл бағытта аккредиттеуден өту мақсатында  әрбір оқу ордалары өзіндік стратегиясын қалыптастырғанын айтты.

Қазіргі таңда IAAR-мен тығыз байланыстамыз. Біздің университетіміз бастау алғанда осы бір аккредиттеуден өткен еді. Әрине, алға қойған мақсаттарымыздың бірі университетіміз шетелдік деңгейдегі танымға ие болу, -деді ол.
Өзгелердің жаңалығы