Қарағандыда 14 жасқа дейінгі балалар коронавирусты көп жұқтырған

1 Қазан 2021, 18:19
6829
Бөлісу:
Қарағандыда 14 жасқа дейінгі балалар коронавирусты көп жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов хабарлады. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері Қарағанды облысында 98 898 адам коронавирус індетін жұқтырған.

Біздің облыс бүгінде «сары» аймақта. Негізгі шектеу шаралары сақталып отыр. Сонымен қатар қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты және жұқтыру жағдайларының саны азайып келеді. Соңғы аптада инфекцияның жаңа жағдайлары 21%-ға төмендеген, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ қазір 90 100 адам сауығып шыққан.
Екі апта ішінде орташа тәуліктік аурушаңдық 342 жағдайды құрап отыр. Айта кететін жайт, 13-і мен 26 тамыз аралығында 956 жағдайға тең болған еді. Қыркүйек айында аурудың жоғары көрсеткіші Қарағанды, Теміртау, Абай, Осакаровка қалаларында байқалды. Жас ерекшеліктік топты қарасақ, 14 жасқа дейінгі балалар көп ауырған. Олар 30%-ды құрады, - деді Ермек Алпысов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының 250 мыңнан астам тұрғыны вакцинаны толық алғаны туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы