Елімізде 2 млн-нан астам зейнеткер бар

1 Қазан 2021, 09:54
3384
Бөлісу:
Елімізде 2 млн-нан астам зейнеткер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі. Республикада 2 млн 236 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткер тұрады.

Әрбір азаматтың лайықты қарттығын қамтамасыз ету бойынша қамқорлық – Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Мемлекет зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға өсті.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 100%-ға дейінгі еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді.

Қазіргі уақытта базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18,5 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 39,3 мың теңгені, ал 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша орташа мөлшері – 31,1 мың теңгені құрайды.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері 68,8 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 100,6 мың теңгені, ең төменгі мөлшері – 43,3 мың теңгені құрайды.

Жоспардың қабылдануы егде жастағы азаматтарға қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ оларды сапалы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспардың іске асырылуын бақылауды Еңбекминінің жобалық офисі жүзеге асырады.

Жоспарға сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын (бұдан әрі – орталықтар) ашу көзделген. Мұндай орталықтардың қызметі егде жастағы белсенді азаматтардың санын көбейтуге, олардың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын, денсаулығын және психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта еліміздің 10 өңірінде: Алматы қаласының барлық аудандарында (9 орталық), Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында21 орталық жұмыс істейді, – деп хабарлады Еңбекминінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры еліміздің әрбір өңірінде коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

Орталықтарды жабдықтармен жабдықтау үшін «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ 510 млн теңге (әрбір орталыққа 30 млн теңге), «Қамқорлық қоры» қоры мамандарды оқыту үшін 85 млн теңге (әрбір орталыққа 5 млн теңге) сомасында қаражат бөледі, – деп толықтырды Асқар Ниязов.

Егде жастағы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір маңызды бағыты арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсету болып табылады.

Бүгінгі таңда 45 мыңнан астам қарт азамат АӘҚ-мен қамтылды. Оларға 45 стационарлық үлгідегі ұйымда (медициналық-әлеуметтік мекемелерде), 43 жартылай стационарда (күндіз болу бөлімшелері және оңалту орталықтары), сондай-ақ 357 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 136 ҮЕҰ-да және МЖӘ шеңберінде 4 жеке ұйымда қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері 8 қызмет түрін ұсынады: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық қызметтер. Әлеуметтік қызметкерлер аптасына кемінде 2 рет үйде әлеуметтік көмек алатын қарт адамдарға барады және оларға туындаған әлеуметтік проблемаларын еңсеруі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге және оларға басқа азаматтармен тең дәрежеде қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін құруға бағытталған қызметтер кешенін көрсетеді, – деді Асқар Ниязов.

Жалпы, ағымдағы жылдың ішінде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт адамдарды әлеуметтік қолдауға 11,9 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттен – 11,5 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,5 млрд теңге), оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмекке – 6,4 млрд теңге (шамамен 115,8 мың адам);

- азық-түлік жиынтығын ұсынуға - 145,5 млн теңге (31,6 мың адам);

- жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 46,6 млн теңге (4 мың адам);

- тіс протездеуге - 229 млн теңге (2,5 мың адам);

- санаторлық-курорттық емдеуді ұсынуға – 1 млрд 247,8 млн теңге (24,1 мың адам);

- тұрғын үйді жөндеуге – 39,9 млн теңге (517 адам);

- отынмен қамтамасыз етуге – 286,5 млн теңге (10,5 мың адам);;

- жалпы пайдаланымдағы көлікте жеңілдікпен жол жүруге – 878,0 млн. теңге (8 мың адам);

- көмектің басқа түрлеріне – 2 млрд 667,8 млн теңге (182,5 мың адам).

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқа да шараларды өткізетін болады.


Өзгелердің жаңалығы