Санақ-2021. Интервьюерді қалай тануға болады?

1 Қазан 2021, 12:51
995
Бөлісу:
Санақ-2021. Интервьюерді қалай тануға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бұл куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады, - деді ол.

Айдапкелов атағандай, әрбір интервьюермен өтеулі қызмет көрсету туралы шарт жасалған.

Онда тараптардың міндеттемелері егжей-тегжейлі сипатталған. Негізгі шарттан басқа, сауал салу жүргізу барысында респонденттер айтқан дербес деректерді үшінші тұлғаларға жарияламау туралы келісімдер жасалды.Бұдан бұрын айтылғандай, интервьюерлердің жалақысы 30 күнде 104 мың теңгені құрайды. Ал нұсқаушы-бақылаушылардың 45 күнге жұмысы үшін төлем 125 мың теңгені құрайды,- деді ол.

Айдапкелов жаппай аралау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп өзара іс-қимыл алгоритмі қабылданатынын айтты.

Оған сәйкес тәртіп сақшылары іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсететін болады. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар мен тұрмысы нашар отбасылар тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүреді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы