Санақ басталғалы 1 ай болды. Нәтиже қандай?

1 Қазан 2021, 12:41
1515
Бөлісу:
Санақ басталғалы 1 ай болды. Нәтиже қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ұлттық халық санағының басталғанына бір ай болды. Өздеріңіз білетіндей, осы күнге дейін ол тек онлайн режимде өтті. Бұл мүмкіндік 15 қазанға дейін қолжетімді болатынын атап өткім келеді. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше жолы бар. Бұл sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы арқылы, сондай-ақ Aitu мобильді қосымшасын пайдалана отырып авторизациядан өту, - деді Айдапкелов.

Ол атағандай, 1 қазан сағат 11-00-дегі жағдай бойынша онлайн санақтан 6429018 адам немесе 33,8% азамат өтті.

Респонденттердің 86 пайыздан астамы смартфон арқылы санақтан өткен. Санақтан онлайн режимде өткендер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдің 865824 тұрғыны санақтан өткені туралы хабарлама алды. Алматы облысында 705646 адам тіркелген. Көшбасшылар үштігін Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді. Мұнда халық санағының сұрақтарына 612804 адам жауап берді. Осы көрсеткіш бойынша Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарын соңғы орындарда. Бұл өңірлерде санақтан сәйкесінше 181024 және 155779 адам өтті, - деді ол.

Айдапкелов нақты өңірдің онлайн санақпен қамтылған халқының үлесі бойынша есептесек, онда Қызылорда облысы көш бастап тұрғанын айтты.

Мұнда 48,8 % адам қамтылған. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда бұл көрсеткіш 45%-ға жетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы