Все новости за 8 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді.
-
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Жарма ауданында соңғы үш жылда өнеркәсіп 29 есе өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылда Жарма ауданында өнеркәсіп өнімінің өндірісі 29 есеге өсті.
-
Түркістан: Сайрам ауданының өңірлік өнім көлемі 158 млрд теңгеден асқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданында 2020 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2019 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр.
-
«Allegro» қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған вебинар сериясын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында Польшаның «Allegro» халықаралық маркетплейсі қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған «Allegro платформасында тауарларды тіркеу және ілгерілету бойынша оқыту» тақырыбында оқыту вебинар сериясын өткізетінін хабарлады.
-
Қарағанды облысында «жасыл» энергетика қалай дамуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «жасыл» энергетиканың қуаттылығы 300 мегаваттқа жетті. Өңірде төрт күн электр станциясы жұмыс істейді және жаңа нысандар салу жоспарлануда.
-
Елордада «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында шаңғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Елорданың 700-ден астам медициналық қызметкері коронавиурсқа қарсы екпе салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 1 ақпаннан бастап бүгінге дейін 719 адам вирусқа қарсы екпе алды, яғни вакцинациялаудың 78,5% қамтылды.
-
Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
-
Индонезиядағы ауылдардың бірін қызыл су алып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның Дженггот елді мекенінде аймақта болған су тасқынынан кейін қызыл өзен пайда болды, деп жазды Reuters.
-
Қазақстан мен Мысыр екіжақты келісімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет тарапының шақыруы бойынша, 2021 жылғы 5-7 ақпанда Египетте жауапты Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форумы өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысты.
-
Билл Гейтс пандемиядан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft корпорациясының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы Билл Гейтс COVID-19 пандемиясынан кейін адамзатқа төнетін екі негізгі қауіпті Veritasium YouTube арнасына берген сұхбатында атады.
-
Алматы облысында «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Жібек Жолы ауылында «Арман Ауыл» қорының ұйымдастырумен «Football Weekend» спорттық-ағартушылық шарасының аясында «Ауыл Футбол Open» турнирі өтті.
-
Қазақстанда «Іргесі бекем ел» жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Іргесі бекем ел» жобасы аясында арнайы экспедиция жұмысы басталды.
-
Петропавл сапаржайы жабылуы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұрын Петропавл автовокзалынан тәулігіне қаламаңылық және қалааралық 150 маршрут болса, бүгіндері тасымалдаушылар маршруттарын жабуға кіріскен.
-
15 ақпаннан бастап «QAZCOVID-IN» екпесі салынатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған «QazCovid-In» екпесі кезең-кезеңмен егілетін болады.
-
Қарағандыда білім ордасына Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласының №93 гимназиясы енді қазақтың көрнекті тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының есімімен аталатын болды.
-
Биыл Суықбұлақ кентіне қомақты қаражат бөлінді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жарма ауданының тірек ауылдары қатарына енген Суықбұлақ кентіне биыл бюджеттен 4,5 есе көп қаражат бөлінді.
-
Алматыда жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалып, медицина қызметкерлері шақырту жіберген мекенге жаяу барған. Ал көлікті батпақтан үш сағатта әрең шығарған.
-
Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдауға онлайн кастинг жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды.
-
Боран, көктайғақ: «Жедел байланыс желісі» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ауа-райының нашарлауына байланысты «Жедел байланыс желісі» ашылғанын хабарлады.
-
Оразалин: Халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстарын күшейтуіміз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қоғамдық кеңес алдында есеп берді.
-
Елімізде кремний карбидін өндіретін зауыт салынады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жазда Лисаков қаласынан 8 шақырым жерде кремний карбидін өндіру зауытының құрылысы басталады. Жұмыстар 2019 жылдың күзіне жоспарланған, алайда пандемияға байланысты 2021 жылға шегеріліп отыр.
-
Зейнетақы активтерінің бір бөлігін алу. Әбілқасымова Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
-
Бұқар Жырау ауданына тартылған инвестиция көлемі 31,2 млрд теңгеге жетті
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында заманауи инвестициялық жобаларға баса назар аударылады. Ауданда қазіргі уақытта 8 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы өңірдегі өндіріс көлемі 2,5 пайызға артқан.
-
Ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 7 ақпанда сағат 13.18-де бейнебақылау инспекторлары гүл сататын дүкеннің жанында көлік пен адамдардың көп жиналғанын байқайды.
-
АҚДМ Атырау облысының дін саласындағы мамандарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен «Стратегиялық сессия» күндерін жалғастыра отырып, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Атырау облысының дін істері басқармасының, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ басшылығымен кезекті онлайн кездесу өткізді.
-
3-сынып оқушыларына арналған тапсырма қазақстандықтардың ашуын туғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Online mektep платформасында 3-сынып оқушылары үшін дайындалған тапсырмаға қатысты шу шықты.
-
Ринат Зайытов бастық болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды.
-
Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше сағат 10:37-де Қарқаралы ауданында «Қарағанды - Аягөз-Бұғаз» автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі кюветке шығып, кейіннен бүйіріне аударылып кетті.
-
Әзірге қажет емес. Илья Ильин сыбайлас жемқорлық туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, Қызылорда қаласындағы мұз сарайының директоры Илья Ильин «Antikor Live» жобасында қонақта болып, спорттағы сыбайлас жемқорлық тақырыбында әңгіме өрбітті.
-
Анар Фазылжанова: Қанша әліпби ауыстырсақ та, қазақ тілінің емле ережелері өзгермейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күн бұрын ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында 2023 жылдан бастап Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жайында айтылған болатын.
-
COVID-19: Алматының реаниматология орталығы қанша адамның өмірін арашалап қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда пандемия жағдайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19-бен ауыратын адамдар арасындағы өлімді азайту бойынша шаралар қабылданды.
-
Латын жазуына көшкенде, сабақтастықты сақтау керек – академик
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа латыннегізді жазуды түсіндіргенде ғылыми-лингвистикалық негіздемелермен қатар әдістемелік және экстралингвистикалық факторларды да ескеру қажет, дейді академик Зейнеп Базарбаева.
-
Ауа райы. Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД 9 ақпан күні облыс аумағында жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын болатынын мәлімдеді.
-
Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған 60 адам құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында қалың тұман түсіп, көктайғақ пен боранға байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды. Бірақ Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, сапарға шыққан жолаушылар аз болған жоқ.
-
Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ресейдің 58 жастағы азаматы ұсталды.
-
Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 27 қаңтар – 6 ақпан аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
QazCovid-In вакцинасы мен «Спутник V»-ді салыстыру қисынсыз – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев вакциналарды салыстыру жөн емес екенін айтты.
-
#Тәуелсіздік30: Тәуелсіздік белесіндегі Көкшетау
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласының тарихы музейі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік белесіндегі Көкшетау» жобасын қолға алды. Бұл туралы музейдің ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Күнсұлу Нұрғалиева айтып берді.
-
Қазақстандық бітімгерлер халықаралық құқық нормаларын зерделеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бітімгершілік полкінің оқу-жаттығу орталығының базасында бесінші ротация әскери қызметшілері Ливан Республикасындағы миссияға даярлық жүргізуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Алматыда карантин шараларын бұзған 29 нысан бойынша материалдар сотқа жіберілген
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.
-
Коронавирусқа қарсы екпеден кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде – иммунолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтты.
-
Республикалық маңызы бар 14 учаскеде жол жабық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздің республикалық маңызы бар 14 учаскесінде жол жабық. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.
-
Тимур Мұратов: Вакцина салдырудан бас тартқан азаматтар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
-
Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың тәуелсіз қорытындылары көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам өкілдеріне 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жобасы таныстырылды.
-
Вакцинация. БМСК ұйымдарында 20 тоңазытқыш камерасы бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
-
Президент әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматыдағы Аграрлық университеттің аумағы сатылып кеткен бе?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаевтың тұрғындармен есептік кездесуінде тұрғындар Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанында салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысын тоқтатуды сұрады.
-
1 ақпаннан бері 719 адам вирусқа қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
-
Өскемен-Зайсан бағытындағы ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болды. Өйткені ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.
-
Вице-министр биыл ішкі сауданы қалай дамытатындарын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылға арналған ішкі сауданы дамыту міндеттерін атап өтті.
-
Зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас - 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 60 жас және одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.
-
Алматыда қазіргі және бұрынғы полицейлердің қатысуымен құрылған қылмыстық топ ұсталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов айтты.
-
1 қаңтардан бастап тұтынушыларға арналған сайт іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылы 1 қаңтардан бастан e-tutynushy.kz сайты іске қосылғанын айтып берді.
-
2020 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 11%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ішкі сауданың 2020 жылғы даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер, сондай-ақ техникалық реттеу мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды дамытуда қабылданған реформалар туралы баяндады.
-
Былтыр ЕАЭО-ның сыртқы сауда көлемі 16,5%-ға төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында баяндады.
-
Еуразиялық экономикалық комиссия өзара сауданың даулы мәселелерін шешу алаңы – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылдың жұмыс қорытындысын баяндады.
-
Департамент басшысы әріптестері арасында кімдер қылмыс жасағанын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов айтты.
-
Алматыдағы Думан шағын ауданындағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев тұрғындармен есептік кездесуінде Думан ықшамауданындағы 4 жылға созылған кәріз жүйесі мен жолдарды жөндеу жұмысы қашан аяқталатыныны айтты.
-
#Тәуелсіздік30: «Жетістікке 30 қадам» жобасы бастау алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты бірнеше жоба дайындалып, көрерменге жол тартпақ. Мұнда атаулы күнге орай «Тарих білгірі» және «Жетістікке 30 қадам» жобасы ұйымдастырылды.
-
Полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін талап еткен жағдайда не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
-
Жаңа заң. Қазақстанда шыққанына 10 жылдан асқан автобустарды тіркеуге тыйым салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
-
ДДCҰ «вакцинация бедеулікке алып келуі мүмкін» деген қауесетті жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйым COVID-19 вакциналары адамның ДНҚ өзгертуге немесе репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін деген болжамдардың қисынсыз екенін айтты.
-
Өскеменнің іргесіндегі елді мекендерде көшелер жөнделеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы Өскемен қаласының іргесінде орналасқан екі ауылдың көшелеріне қиыршық тас төгіліп, берілетін электр қуаты жақсара түспек.
-
Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпандағы демалыс күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 72 адам құтқарылып, 27 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челлендж басталды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челленджін бастады.
-
Қазақстандық «Джоли» қайда жоғалып кетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Танымал спортшы Зарина Цолоева енді өзінің өмірлік ұстанымын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеп жүр. Әуесқой бокстан үш рет әлем чемпионатына қатысқан, тәжірибесі толысқан боксшы енді әуесқой мен кәсіпқой боксты да қатар алып жүрмек. Сыртқы келбеті Голливуд жұлдызы Анджелина Джолиге ұқсайтын еліміздегі ең сұлу спортшылардың бірі BAQ.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді.
-
Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан ұаласы мен елдің екі облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Жамбылдық полиция жоғалған баланы тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында жоғалған баланы іздеп, тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
5 адам пневмониядан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек.
-
27 028 адам коронавирус инфекциясынан емделуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 ақпандағы ақпаратты жариялады.
-
Павлодар облысында 28 елді мекенді су басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында биыл қар қалың түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 843 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 843 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы кезекті Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх