ДДCҰ «вакцинация бедеулікке алып келуі мүмкін» деген қауесетті жоққа шығарды

8 Ақпан 2021, 11:17
1476
Бөлісу:
ДДCҰ «вакцинация бедеулікке алып келуі мүмкін» деген қауесетті жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйым COVID-19 вакциналары адамның ДНҚ өзгертуге немесе репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін деген болжамдардың қисынсыз екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мен бедеулік арасындағы байланысты жоққа шығарды. ДДСҰ иммундау және вакциналар департаментінің директоры Кейт О'Брайеннің бұл мәлімдемесі 7 ақпанда ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

Біз салып жатқан вакциналар бедеулік тудырмайды. Бұл түрлі вакциналардың айналасында жүрген қауесет және ол шындыққа жанаспайды. Бедеулік тудыратын бірде бір вакцина жоқ, - деді ол. 

О'Брайен сонымен қатар «COVID-19 вакциналары адамдарда ДНҚ өзгеруіне әкелуі мүмкін және олардың құрамындағы химиялық заттар денсаулыққа зиян тигізеді» деген болжамды да жоққа шығарды.

Біздегі бар вакциналар қауіпсіз, - деп сендірді О'Брайен.
Өзгелердің жаңалығы