Алматыдағы Думан шағын ауданындағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны айтылды

8 Ақпан 2021, 11:46
1858
Бөлісу:
Алматыдағы Думан шағын ауданындағы жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев тұрғындармен есептік кездесуінде Думан шағын ауданындағы 4 жылға созылған кәріз жүйесі мен жолдарды жөндеу жұмысы қашан аяқталатынын айтты.

Оның айтуынша, биыл Думан шағын ауданындағы негізгі 6 көшені жөндеуге қаржы бөлінген. Бұл көшелерді автобустарға ыңғайлы ету үшін таңдалған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір көшелерді жөндеу биылға ауысты, ол - 53 көше. Бұл көшелерді жөндеу жұмысы наурыз айынан басталады. Сондай-ақ осы 59 көше толық жарықтандырылады. Оған қоса арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолы қатар салынады. Бұл жөндеу жұмыстарын осы жылдың қыркүйек-қазан айларына дейін бітіреміз, - деді аудан әкімі. 

Сонымен қатар ол Думан шағын ауданында 4 жылға созылған кәріз жүйесінің жұмысы мен жолды қайта жөндеу жайлы айтып өтті. 

Бұл жоба Республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Сол қаржының бөлінуіне байланысты жұмыс сол деңгейде істеліп отырды. Биыл сынақ жұмыстарының барлығы аяқталды. Қазір «Алматы Су» мекемесі есеп құрылғыларын қою бойынша жұмысты бастады және ол наурызға дейін жалғасады. Олар жұмысты аяқтаса, біз кәріз жүйелерін пайдалануға беруге  дайынбыз. Сондай-ақ Бурабай, Бригадный көшелерін жөндеуде мәселе болды, олар толығымен шешілді, - деді Масабаев.



Өзгелердің жаңалығы