Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабық

8 Ақпан 2021, 21:28
1610
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабық

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

 

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, көрінудің нашарлауы, көктайғақ) елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылдыатап айтқанда Қарағанды облысында: «Екатеринбург-Алматы» Ақмола облысы –Теміртау қаласының шекарасы (1353-1425 шақырымы); «Қызылорда-Павлодар» Молодежный кенті- Павлодар облысының шекарасы (1066-1135 шақырымы); Ақмола облысында: «Екатеринбург-Алматы» (1291-1353); «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (16-200 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Щучье» (18-231 шақырымы.); Павлодар облысында: «Қызылорда-Павлодар» (1135-1206 шақырым), «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (200-254 шақырымы.); Алматы облысында «Үшарал-Достық» (83-184 шақырымы); Шығыс Қазақстан облысында, «Өскемен-Семей» (10-198 шақырымы). 

Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр-Сұлтан-Қарағанды» автожолында 67 фура мен 70 адам, «Нұр-Сұлтан-Щучье» автожолында 240 бірлік техника мен 650 адам, Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» (1291-1353 шақырымында) Аршалы кентіне жақын жерде 37 бірлік техника мен 107 адам, «Щучье-Нұр-Сұлтан» автожолында Щучье қаласына кіреберісте 200 бірлік техника мен 575 адам, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» автожолында Семей қаласы мен Герасимовка кентіне жақын жерде 17 автомобиль мен 45 адам, Қарағанды облысында барлығы 264 бірлік техника мен 630 адам автокөлік кептелесінде тұр. 

Оның ішінде сағат 17.30-да Теміртау қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 150 бірлік техника (110 жеңіл және 40 бірлік техника) автоколонна жолға шықты. 

Қарағанды облысының жылыту пунктіне (Осакаровка кенті) 19 адам орналастырылды. 

Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 108 жылыту пункті дайындалды. 

7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Оның құрамына «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС де кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеуде. 

Шұғыл жұмыстарға барлығы 307 адам мен 182 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ (8 адам мен 4 бірлік техника), ІІМ (37 адам мен 19 бірлік техника), жол қызметтері (254 жұмысшы мен 155 бірлік техника) және жергілікті атқарушы органдар (8 жұмысшы мен 4 бірлік техника). 

Халыққа ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 11-СМС хабарлама таратылды, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 17 хабарлама жіберілді. 

Республикалық жедел штаб пен өңірлерде (Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында) халыққа уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін «Жедел байланыс желісі» ашылды.

Өзгелердің жаңалығы