Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды

8 Ақпан 2021, 15:00
2251
Бөлісу:
Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 27 қаңтар – 6 ақпан аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шара барысында 4826 қару иеcі тексеріліп, 84 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабына сәйкес заңсыз айналымнан 24 дана қару тәркіленді. 4 ақпан күні Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынының сарайынан ішкі істер органдарында тіркелмеген, 2 ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды. 

 5 ақпан күні Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірін тексеру кезінде 28 жастағы азаматтың ішкі істер органдарында тіркелмеген 8 мм газды тапаншаны 8 дана оғымен бірге заңсыз сақтап жүргені анықталған.

 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 26 азаматқа, 486-бабына сәйкес  34 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы