Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді

8 Ақпан 2021, 23:46
1621
Бөлісу:
 Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 21 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді. 

Жер дүмпуінің эпицентрі - Алматы қаласынан 255 шақырым жерде, Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. MPV магнитудасы - 3.9. Тереңдігі - 25 шақырым. 


Өзгелердің жаңалығы