Елордада «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді

8 Ақпан 2021, 22:01
1198
Бөлісу:
Елордада  «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында шаңғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтар! Сіздерді 2021 жылдың 14 ақпанында елорданың Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтетін «Esil winter» шаңғы фестиваліне қатысуға шақырамыз. Фестивальдің басталуы таңғы 10.00-де. Қатысушылардың алғашқы жарысы сағат 10.15-ке жоспарланған, - делінген хабарламада.

Қатысушылардың нөмірлерін алу және нұсқамадан өту үшін фестивальдің басталуына 20 минут қалғанда келу керек.

Қатысушылардың жынысы мен жасына байланысты 1, 2, 3 және 5 шақырымға жүгіру жоспарланған, жас топтары мен қашықтарға бөлінеді.

Тіркеу ағымдағы жылдың 13 ақпанына дейін келесі телефон бойынша жүргізіледі: 8 707 913 91 38.

Өзгелердің жаңалығы