Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

8 Ақпан 2021, 10:42
1866
Бөлісу:
Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпандағы демалыс күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 72 адам құтқарылып, 27 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД-нің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ТЖД күшімен Шаховское ауылынан 1994 жылғы жүкті әйел жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. 

Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, төмен қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі) 6 ақпаннан бастап еліміздің сегіз өңірінде автожолдар жабылды.    

7 ақпанның түнінен бастап республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан - Петропавл» автожолының жабылуына байланысты Нұр-Сұлтан және Щучинск қалаларынан шыққан кезде автокөлік жиналды. 

Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

ТЖМ және ТЖД дағдарыс орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін жедел штаб құрылды. Ақмола облысы ТЖД және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «112» пультіне тұрғындардан ақпараттық сипаттағы 5500-ге жуық қоңырау келіп түсті, олар белгіленген тәртіппен пысықталды. 

Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

Автокөліктің көп жиналуына байланысты сағат 13:15-тен бастап ПД қызметкерлері мен жол қызметі қызметкерлерінің ілесіп жүруімен автокөліктерді (колонналарды) кезең-кезеңмен өткізу жүзеге асырылды, барлығы 1668 автокөлік, оның ішінде 290 жүк көлігі (Нұр - Сұлтан қаласы бағытында - 1321 техника және Щучинск қаласы бағытында - 347 техника). Жол қызметтері автожолдарды тазалап жатыр, ол үшін 25 техника жұмылдырылды. 

Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

Жоғарыда бұл автожолда көліктердің қозғалысы ашылды.

Өзгелердің жаңалығы