Елімізде кремний карбидін өндіретін зауыт салынады

8 Ақпан 2021, 17:58
1571
Бөлісу:
Елімізде кремний карбидін өндіретін зауыт салынады

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жазда Лисаков қаласынан 8 шақырым жерде кремний карбидін өндіру зауытының құрылысы басталады. Жұмыстар 2019 жылдың күзіне жоспарланған, алайда пандемияға байланысты 2021 жылға шегеріліп отыр. 

Зауытты салатын ресейлік компания өкілдері құрылыстың жер қатынастарына қатысты құжаттары рәсімделіп болғанын мәлімдеді. Қазір жобаға жұмсалатын қаржы мен қоршаған ортаға әсері есептеліп жатыр.

Өндіріс экологияға ешқандай зиян келтірмейді. Оның үстіне құрылыс жаңа экологиялық кодексті ескере отырып жүргізілетін болады, - дейді компания директоры Раис Мусин.

Бизнес-жоспарға сәйкес, 10 ай құрылыс жүргізілгеннен кейін зауыттың толық қуатымен жұмыс істеуіне тағы төрт ай керек. Ал кадрларды іріктеу жұмысы алдын ала, осы көктемде басталмақ. Жалпы 180 адамға штат қаралып отыр.

Кәсіпорын басшылығы мамандарды өздері оқытуға дайын. Алдымен негізгі оператор міндеті жүктелетін он шақты адам Лисаков қаласында Қытай мамандарынан оқитын болады, содан кейін екі-үш айға Қытайға жіберіледі. Ал қалған қызметкерлер жұмыс барысында үйренеді. Оларға қойылатын арнайы талаптар жоқ.

Кремний карбиді – жер бетінде сирек кездесетін зат. Әзірге жақын шетелдердегі кремний карбидінің жалғыз өндірушісі – Еділ бойындағы зауыт. Ресей мен Қытайда көптеген байланысты сала бұл шикізаттың жетіспеушілігін сезінуде. 

Лисаков зауыты жылына шамамен 34 мың қара кремний карбидін өндіретін болады.

Өзгелердің жаңалығы