Әзірге қажет емес. Илья Ильин сыбайлас жемқорлық туралы айтты

8 Ақпан 2021, 16:39
1954
Бөлісу:
Әзірге қажет емес. Илья Ильин сыбайлас жемқорлық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, Қызылорда қаласындағы мұз сарайының директоры Илья Ильин «Antikor Live» жобасында қонақта болып, спорттағы сыбайлас жемқорлық тақырыбында әңгіме өрбітті.

Мен алғашқы жұмыс күнімдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық филиалы өздеріне шақырды. Түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жақында «Ашық бюджет» деген сайт ашылды. Сол жерден спорттық мекемелердің қаржысын қайдан жұмсап жатқанын көруге болады екен. Жалпы мен қызмет ететін Мұз сарайы кешенінде маған дейін де ешқандай мәселе болған емес. Орынбасарым да жемқорлыққа жоламайтын таза жігіт. Өзім алғаш жұмысты бастағанда әріптестеріме: «Мен спортта өмір сүруіме қаржы тапқанмын. Жалақым бар. Басқаның ақшасының қажеті жоқ» деп айттым, - дейді Илья Ильин.

Ол бұл қызметке тәжірибе үшін келгенін, жұмысы қызықты екенін айтты. Сонымен қатар бұрын осындай мекемеде істемегендіктен, біразын үйренуге тура келген.

Үлкендермен кеңесемін. Көбісі мемлекеттік тапсырыс жасаған кезде қателеседі. Елордаға келіп, семинарларға қатысамын, шеберлік сағатын аламын. Курсқа қатысқанымда бәрін түсіндіріп айтады: «Әзірге мынау қажет емес, бұған жолама» дегендей. Бір қателік жіберсең, 100 АЕК айыппұл төлейсің. Одан кейін сөгіс беріледі. Екі қателік кетсең, жалақысыз қаласың. Маған жұмыста ең қиыны не деп сұрағанда: «Жалақым аз» деп айтамын. Жоғары жалақы болғанда тіптен керемет болар еді. Жалпы жемқорлықтың бір себебі де сол аз жалақыдан секілді көрінеді, - дейді Қызылордадағы Мұз сарайының директоры.

Өзгелердің жаңалығы