Жарма ауданында соңғы үш жылда өнеркәсіп 29 есе өскен

8 Ақпан 2021, 23:08
1997
Бөлісу:
Жарма ауданында соңғы үш жылда өнеркәсіп 29 есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылда Жарма ауданында өнеркәсіп өнімінің өндірісі 29 есеге өсті. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Бүгін облыс басшысы Жарма және Көкпекті аудандары әкімдерінің халық алдындағы онлайн-есептеріне қатысты.
Жалпы, аудандарда әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқыны сақталды. Соңғы үш жылда Жарма ауданында өнеркәсіп өнімінің өндірісі 29 есеге өсті. Бүгінде аудан облыс бойынша екінші орында. Түсті металл, әктас, гипс және т.б. кен өндіру кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. "Шар-ветер" ЖШС қуаттылығы жылына 30 Мвт желді құрайтын электр станциясы құрылысын жүзеге асыруда. Нысанды биыл қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Аграрлық секторда жалпы өнім көлемі 28,5 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, Жарма ауданы - қазақтың ақбас сиыры мен "Байыс" қойының отаны, - деп жазды ол.

Жыл қорытындысы бойынша ауданның таза ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі 96% жеткен Жақын арада бұрынғы аудан орталығы – Шар қаласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленеді, оның шеңберінде абаттандыру және инфрақұрылымды реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы Шар қаласында көптен күткен спорт кешені іске қосылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасының ішкі өңірлік рейтингінде 1-орын алды. Ауданда өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 984,6 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 49 млрд теңгеге жетті. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16 383,1 млн теңге құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза ауыз сумен қамтамасыз ету 18% өсті. Бүгінгі таңда 35 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл жалпы көрсеткіштің 70% құрайды. Жеті ауылда блокты-модульді станциялар орнатылған. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін үй салу бағдарламасы табысты іске асырылды. 2,7 есе өсу қарқынымен 10 159 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп жазды Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы