Департамент басшысы әріптестері арасында кімдер қылмыс жасағанын айтып берді

8 Ақпан 2021, 11:55
2846
Бөлісу:
Департамент басшысы әріптестері арасында кімдер қылмыс жасағанын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов айтты. 

Сыбайлас жемқорлыпен күрес және оны болдырмау – Ішкі істер министрлігінің басым бағытының бірі. Бүгінгі таңда көп қызмет цифрландыруға көшіп жатыр. Бұл жемқорлықтың алдын алудың алғышарты болып отыр, - деді ол. 

Саданов айтқандай, жеке құрамдағы жемқорлықты жою бойынша нақты іс-шаралар қолға алынды. 

Соңғы 3 жылда жемқорлық деректері 3 есеге қысқарды. Сотталушылар саны екі есеге қысқарды. Бұл жұмыс ішкі істер саласындағы жемқорлық санын қысқартуға мүмкіндік берді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жеке құрам ішінде қылмыс саны 12 пайызға қысқарды, - деді Саданов. 

Ол әріптестері арасында жемқорлық жасағандар туралы айтып берді.  

Қызылорда облысында есірткімен күрес басқармасының бұрынғы бастығы 15 жылға сотталды. Пара алғаны үшін Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы да ұсталды. Олар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, іс сотқа беріледі. Олардың барлығы жұмыстан шығарылды, - деді ол. 

Саданов Қарағанды облысында полициялардың қатысуымен  бағалы металды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын айтты. 

Олар Теміртау қаласындағы ірі кәсіпорыннан темір жабдықтарды ұрлаған. Бұл дерек бойынша полиция басқармасы мен бөлім жетекшісі жұмыстан шығарылды. Іс сотта жатыр. Сондай-ақ, көліктік полиция қызметкерлерінің заңсыз есірткі айналымымен айналысқандары туралы БАҚ-та жарияланды. Ол үшін Шу станциясының барлық желі полициясының қызметкерлері жұмыстан шығарылды, - деді ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы.

Өзгелердің жаңалығы