Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челлендж басталды

8 Ақпан 2021, 10:28
4751
Бөлісу:
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челлендж басталды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челленджін бастады.

Ұлттық кітапхана қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челленджін бастады. Челленджде ақын өлеңдері орыс, қытай, өзбен, ағылшын, түрік және ұйғыр тілдерінде айтылды. 

Кітапхана қызметкерлері челлендж эстафетасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлем жұртшылығына жолдады.


Өзгелердің жаңалығы