Биыл Суықбұлақ кентіне қомақты қаражат бөлінді

8 Ақпан 2021, 19:10
2857
Бөлісу:
Биыл Суықбұлақ кентіне қомақты қаражат бөлінді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жарма ауданының тірек ауылдары қатарына енген Суықбұлақ кентіне биыл бюджеттен 4,5 есе көп қаражат бөлінді.

Бұл туралы халық алдында онлайн есеп берген Суықбұлақ кентінің әкімі Аждар Юсупов хабарлады.

2021 жылы Суықбұлақ кентінің бюджеті 126 млн теңгені болса, салық түсімі 3 млн 96 мың теңгені құрайды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Суықбұлақ кентінің көшелерін жөндеуге 31 млн 292 мың теңге, ал елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мақсатында шағын футбол, «воркаут стрит» және балалар ойыны алаңдарын салуға 29 млн теңге, сондай-ақ, кенттің жастар клубын күрделі жөндеуден өткізуге 42,4 млн теңге бөлінді, - дейді Аждар Юсупов.

Кент әкімінің айтуынша, былтыр кент бюджеті 38 млн теңге болса, биыл ол 4,5 есеге ұлғайған. Осылайша, кент пен оған қарасты тоғыз елді мекеннің арасындағы жолдарды күтіп ұстау, жөндеуден өткізу жұмыстары қызып, сонымен қатар пандемияға қатысты аяқталмай қалған жобалар ары қарай жалғасын таппақ.

Қоса кетсек, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында барлығы 689 ауыл болса, 116 елді мекен болашағы бар ауылдар ретінде тіркелген. Бүгінде олардағы тұрғындардың саны 294,8 мың адам. Бұл облыстағы бар ауыл-аймақ тұрғындарының 56,7 пайызы. 2020 жылы тізімі бекітілген осындай 20 ауылда «Ауыл - Ел бесігі» жобасымен 661 жұмыс орны құрылып, құны 7,7 млрд теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылды.


Өзгелердің жаңалығы