Вакцинация. БМСК ұйымдарында 20 тоңазытқыш камерасы бар

8 Ақпан 2021, 13:13
1341
Бөлісу:
Вакцинация. БМСК ұйымдарында 20 тоңазытқыш камерасы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. 

Екпе салу орындарында барлық қажетті жағдай жасалған және санитарлық нормаларға сай келеді. Келешекте халықты жаппай вакцинациялау басталған сәтте қала бойынша дайындалған 36 ұйымда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сонымен қатар, 36 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы екпе қалдықтарын өңдеуге жауапты мамандар бекітілген. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында 80-нен астам фильтр кабинеттері жасақталған. Емханаға кірер алдында міндетті байланыссыз термометрия жасалып, масканың болуы, қолдың санитайзерлермен тазартылуы сияқты шаралар жүргізіледі, - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қоймада вакцина сақтауға арналған диапазоны -18°C-тан  -25°C-қа дейін жететін 4 тоңазытқыш құрылғысы бар. Олардың әрқайсысының көлемі 360 литр.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында 20 тоңазытқыш камерасы бар, 19 ақпан күні тағы 22 камера жеткізілмек. Сонымен қатар, қорда вакцинаны тасымалдауға арналған 82 дана термоконтейнер бар. Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесіп, екпе салу кабинеттерінің дайындығына қатысты мониторинг жұмыстарын жүргізе беретін болады, - деді Мұратов.



Өзгелердің жаңалығы