Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдауға онлайн кастинг жарияланады

8 Ақпан 2021, 18:37
2100
Бөлісу:
Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдауға онлайн кастинг жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. 

Ахмет Байтұрсынұлының 25-35 және 45-65 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі. 

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.  

Мемлекет қайраткері, ағартушы А.Байтұрсынұлының өмірі мен ұлтқа сіңірген еңбегін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланған.  

Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі: +7 706 408 5868.

Өзгелердің жаңалығы