Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

8 Ақпан 2021, 15:16
1934
Бөлісу:
Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ресейдің 58 жастағы азаматы ұсталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, күдікті 2006 жылы Ресей азаматын телефон арқылы өлтіремін деп қорқытып, ірі көлемдегі ақшасын қолды еткен.

Бұл дерек бойынша Омбы облысы ІІД РФ ҚК 330-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап ер адам мемлекетаралық іздеуде болды.

Елорда көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін астана аумағында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер шетел азаматтары жүруі ықтимал жерлерді, құрылыс нысандарын тексерді.

 Іс-шара барысында 150 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматы ұсталды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы