COVID-19: Алматының реаниматология орталығы қанша адамның өмірін арашалап қалды?

8 Ақпан 2021, 16:16
1348
Бөлісу:
COVID-19: Алматының реаниматология орталығы қанша адамның өмірін арашалап қалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда пандемия жағдайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19-бен ауыратын адамдар арасындағы өлімді азайту бойынша шаралар қабылданды. 

Қысқа мерзімде инфекциялық бөлімшелердің, оның ішінде инфекциялық емес клиникалар базасында жұмыс ұйымдастырылды. Оларда 250 төсек-орынға арналған реанимациялық бөлімшелер ашылған. Инфекциялық аурулар ретінде анықталған стационарларда реанимациялық науқастарға арналған 100 төсек бар. 

Пандемияның өршіген кезінде осы стационарлардың реанимациялық бөлімшелерінде күн сайын 160 ауыр науқас болды – бұл дәрігерлер мен қаланың денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме.
 
Бұрын-соңды болмаған шаралардың арасында – Анестезиология және реаниматология орталығын құру болды. Орталық ауыр науқастарды тиімді емдеу үшін барлық стационардың жұмысын үйлестіре бастады. Орталықтың құрамына осы саладағы қаланың үздік мамандары кірді. Орталықты «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ реаниматология бөлімінің меңгерушісі Тілеуберді Қуандықов басқарады. 
 
Орталықтың басты міндеті - коронавирустық инфекциясы бар реанимациялық науқастарға қарқынды терапия жүргізетін дәрігерлерге кеңес беру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
 
Осы орталықтың мамандары күн сайын инфекциялық стационарларға, госпитальдарға шығады және жергілікті жерлердегі реаниматологтарға көмек көрсетеді.

Тек 2020 жылдың өзінде мамандар бригадасы 2 000-нан астам шақырту бойынша қызмет көрсетті, ауыр науқастардың 5 000-нан астам консультациясы, бейнебайланыс арқылы «оқиға орнында» 100-ге жуық консилиумды жүзеге асырды.
 
Жыл басынан бері келесі жұмыстар жүргізілді: 

практикалық көмек көрсету үшін мамандар тобының клиникаларға баруы - 533;

оқиға орнында консультация жүргізу - 2248;

аралау нәтижелері бойынша Орталық басшысымен науқастар жайлы бейнебайланыс режимінде талқылау - 38;

Орталық басшысымен оқиға орнына бару арқылы консилиумдар өткізу - 12;

профессорлармен қашықтан онлайн-консилиумдар өткізу - 23.

Орталықтың жұмысы КВИ мен пневмониядан болатын өлімді күрт төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда өлім-жітім ең төменгі деңгейде.

Егер бұрын салыстырмалы түрде пневмониямен ауыратын «реанимациялық» науқастардың көбі жастар болса, бүгінде КВИ-мен реанимацияға түсетін науқастар - 60 жастан асқан және жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, бауыр циррозы, онкология, ревматизм, СПИД, бүйрек жеткіліксіздігі, инсульт және т. б. созылмалы аурулары қатар жүретін науқастар. Сонымен қатар пациенттердің жартысынан көбі өзін-өзі емдеумен айналысып, үйден тікелей ауыр жағдайда келеді. Басқалары дәрігерге мүлдем жүгінбеген, - деп атап өтті орталықта. 

Осыған байланысты медицина мамандары қала тұрғындарын КВИ жұқтырудан сақтану үшін карантиндік нұсқамаларды сақтауға және вирустық инфекция белгілері пайда болған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 196 мың жағдайы тіркелген, оның 2,5 мыңнан астамы өліммен аяқталған. 

Алматыда пандемия басталғаннан бері COVID-19-дың 22,8 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы