Түркістан: Сайрам ауданының өңірлік өнім көлемі 158 млрд теңгеден асқан

8 Ақпан 2021, 22:52
1932
Бөлісу:
Түркістан: Сайрам ауданының өңірлік өнім көлемі 158 млрд теңгеден асқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданында 2020 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2019 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр.

Өңірлік өнімінің - 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Ауданда өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өскен.Сонымен қатар, өткен жылы ауданда өнеркәсіп саласында 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыс көлемінде үлес бойынша 4 орынды иемденген. 

Сондай-ақ, аймаққа 2,3 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы 131 жұмыс орны ашылған. Тартылған инвестицияның 60%-ы жеке қаражаттың үлесінде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ауыл шаруашылығында былтыр 89 млрд теңге өнім өндіріліп, облыста үлес бойынша 2 орынды иеленді. Атап айтқанда, мал шаруашылығында - 51,8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығында - 36,9 млрд теңге өнім өндірілген. Жаңадан 154 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 500 гектарға жетіп отыр. Жылыжайлар 10 га жерге салынып, жалпы көлемі 48 га құрады, қарқынды бау көлемі - 467 га жеткен. 

Сондай ақ, облыстағы ең ірі мал бордақылау кешені болып саналатын «Нұрым групп» ЖШС-і жаңа технологияларды ендіре отырып, қосымша 5 мың бас бұқашық алып, бордақылау кешеннің сыйымдылығын 15 мың басқа жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы