Все новости за 11 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жамбылдық шенеуніктер кабинеттерінен шықты, қайда барар екен?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы - халық пен мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланыстың негізі. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысында апта бойы қоғамдық қабылдау өтті.
-
Дәнді дақылдардың 70 пайыздан астамы жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 331,3 мың гектар немесе дәнді дақылдардың 70,5% жиналды. Бұл 625,5 мың тонна өнім. Әр гектардан орташа өнімділігі 18,9 центнерден өнім алынды.
-
Қазақстан еуразиялық патенттерге өтінім берушілер бойынша алғашқы үштікке кіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми делегациясының қатысуымен Мәскеуде Еуразиялық патенттік ұйымы Әкімшілік кеңесінің (ЕАПҰ ӘК) кезекті отырысы өтті.
-
«Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар онлайн-форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар онлайн-форумы өтті.
-
Ел азаматтары ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі заң жобасын талқылай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі.
-
Көпбалалы әке «Еңбек» бағдарламасының арқасында өз ісін кеңейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының тұрғыны Иван Воликов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде грант алып, жаңа жабдықтар сатып алып, өз ісін кеңейтті.
-
Қазақстан Үндістанға 60 түрлі тауар жеткізе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнеконференц байланыс режимінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының 7-отырысы өтті.
-
Шетелде оқитын 2 мыңнан астам студент отандық ЖОО-ларға ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесті.
-
Елімізде алғаш рет әскери дайындық курсы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет еліміздің Қарулы Күштерінде «Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету» дайындық курсы енгізілді. Бірінші дайындық курсынан сержанттар құрамының 50 әскери қызметшілерінен құралған оқу тобы өтті.
-
Құрылыс нормативтері цифрландырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда алғаш рет құрылыстағы цифрлық нормативтік-техникалық құжаттар қоры құрылады, сәулет-қала құрылысы каталогы машинамен оқылатын форматқа көшіріледі.
-
«Ашық бюджет» жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау барысына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
-
Елімізде бірқатар бағыттағы пойыздардың саны қысқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 15-інен бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі, деп жазды «Хабар 24».
-
Бекірені заңсыз аулағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері заңсыз жолмен бекіре балығын аулаған екі ер адамды ұстады.
-
Қарағандыда электронды билеттеу жүйесі сынақтан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектен бастап Қарағандыда электронды билеттеу жүйесі тестіден өте бастайды. Жүйені сынақтан өткізу екі аптаға созылады. 2,5 мың қала тұрғыны жол ақысын төлеу үшін арнайы карталарды сатып алды, деп хабарлады облыс әкаімдігінің ресми сайты.
-
Шымкентте ылғалды майлықтар өндіретін фабрика іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Dalsan» компаниясының ылғалды майлықтар өндіретін фабрикасы іске қосылды.
-
Жаңаөзен маңындағы ауыл көшелері жарықтандырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысында 650 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы экономикасының басты тірегі – ауыл шаруашылығында 235,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7%- ды құрады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Ақтөбеде жасөсіпірімдерге арналған тренингтер өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен екі күн бойы жасөсіпірімдер арасындағы ерте жүктілік,оның салдары, психологиялық кеңестер мен алкоголизм тақырыбында тренингтер өтті.
-
Елордалық оқушыларға қалдықты бөлек жинау туралы сабақтар өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге тиісті көңіл бөлу қажеттілігі туралы» тапсырмасын орындау аясында Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде экологиялық марафон басталды.
-
Елордада екі баланы көлік қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көлік жүргізушісі екі баланы қағып кетті. Бір бала ауруханаға жеткізілді.
-
Шымкентте 115 коммерциялық нысанға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мобильдік топ құрылған.
-
Коронавирусқа қарсы іс-шараларға осы күнге дейін қанша қаржы жұмсалды?
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. БАҚ өкілінің бұл сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемиологиялық іс шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.
-
Алматыда қараусыз қалған жер саябаққа айналды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы қоғамдық кеңістіктің абаттандыру жұмыстарымен танысты.
-
Коронавирус жұқтырып, ілеспе диагноздан қайтыс болғандар туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болған 576 азаматтың қандай диагнозбен, қандай аурумен қайтыс болғандығы туралы сұраққа жауап берді.
-
Денсаулық сақтау министрі неге БАҚ алдына шықпай жүр?
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бағдат Қожахметовтің сөзінше, министр Алексей Цой мен вице-министрлер БАҚ өкілдерінің де, ел тұрғындарының да сауалдарына жауап беруге әркез дайын.
-
Медицина тас-түйін дайын – Қожахметов екінші толқын туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Шымкентте күзгі әскерге шақыру басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментiнде медкомиссиядан, тесттерден және сұхбаттасудан өтуде.
-
Асанғазы: Қазақшаға ыңғайы жоқтарды басы алтын болса да, директорлыққа қоймау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында орысша оқытатын білім мекемелеріндегі қазақ тілі мәселесін көтерді.
-
Қазақстан халықаралық COVAX иммунизациялау бастамасына қатыса ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан COVAX (Ковакс) бастамасына қосылды.
-
Тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша теңге болатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясына қатысқан Ұлттық денсаулық сақтау орталығы Инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтып берді.
-
Іс-шаралар жоспарын қайта қараймыз – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министр Аида Балаева Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Цой бастаған министрлік басшылары тұмауға қарсы екпе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
COVID-19: Ел шекарасы қайта жабылуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет тарапынан Қазақстанның шекарасын жабу немесе белгілі бір шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдануы да мүмкін деп мәлімдеді Бағдат Қожахметов.
-
Қауіпсіздік Кеңесінде балалар мен әйелдерді қорғау мәселелері қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында балалар мен әйелдерді отбасылық-тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
-
Вакцина ең алдымен кімдерге салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық денсаулық сақтау орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева айтты.
-
Бекенов: Вакцинаны эпидмаусым басталмай алу маңызды
Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталмай алу маңызды. Өйткені антидене қалыптасу үшін 2-3 апта кетеді.
-
Nur Otan-ға жаңа мүшелер қабылдау тоқтатылды – Байбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
-
Қазір әр отбасына үлкен салмақ түсіп отыр – Матыжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір отбасына үлкен салмақ түсіп отыр деді филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында.
-
Емханаларға кезекті тіркеу науқаны қашан басталатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Вирус өршіген жағдайда ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдай алады
Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы медициналық мекемелер коронавирустың кезекті толқыны болған жағдайда тұрғындарды бір мезетте 70 мың төсек-орынмен қамтамасыз етуге қауқарлы.
-
Соңғы тәулікте Шымкентте вирус жұқтырған науқас тіркелмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Коронавирус. Қазір 4 596 адам ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Отбасы институтын дамытуға арналған 6 әлеуметтік жобаға грант бөлінді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Сапарбаев Тоқаевқа Қордайдағы ахуал туралы баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
«Ақ жол» партиясының Шымкент филиалы мектеп оқушыларына сый жасады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Аз қамтылған отбасыларда тұратын оқушыларды қолдау» атты іс-шарасын өткізді.
-
Уақыт бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Уақыт бізден отбасы мен бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр.
-
Алматы полициясы «Бақытты отбасы» акциясын өткізді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Отбасы күніне орай дағдарыс орталығымен бірге «Бақытты отбасы» шарасын өткізді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда коронавирус элементтерін анықтайтын PACS жүйесі іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифинг барысында қаладағы Денсаулық сақтау жүйесіне енгізіліп жатқан цифрлық жобалар жайлы баяндады.
-
Жекеменшік балабақшаларға қаржы жетпейді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жекеменшік балабақшалар қаржы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Бұл туралы мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылауға арналған шара барысында мәлім болды.
-
Праймериз Қазақстандағы саяси реформаларға жаңа серпін береді – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов праймеризге қатысты сарапшылық пікір білдірді. Саясаттанушының айтуынша, праймериз Қазақстандағы саяси реформаларға жаңа серпін береді.
-
Атырау облысы әкімінің 50 гранты болашақ дәрігерлерге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 50 талапкерге жергілікті бюджеттен резидентура гранттары бөлінді деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
-
Кей шенеуніктің мемлекеттік тілді білмеуіне мен кінәлі емеспін ғой – Геннадий Шиповских
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының осы шығарылымында қазақ тілінің майын тамызып сөйлейтін Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских «сіз баяндама жасағанда өзге шенеуніктер ұялатын шығар» деген сауалға осылай жауап берді.
-
Сегіз айда ХҚКО арқылы 145 мыңнан астам туу туралы куәлік берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биылғы мереке 13 қыркүйекке дөп келіп отыр. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ең танымал ТОП-3 отбасылық қызмет бойынша ақпаратты ұсынады.
-
Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына ведомство басшысы Юрий Ильинді таныстырды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Айыппұл мәдениетімізді көтере ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтардың қоршаған ортаны қорғау мәдениеті мен жалпы этикасын заңмен, айыппұлмен көтеру қаншалықты дұрыс? Осы сауалға «Желмая» жобасының осы шығарылымында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жауап берді.
-
Көпбалалы әке «Еңбек» бағдарламасы аясында өз ісін кеңейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының тұрғыны Иван Воликов нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде грант алып, жаңа жабдықтар сатып алып, өз ісін кеңейтті.
-
Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы № 5 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Разинова онлайн брифинг барысында емханаға тіркелу тәртібі жайында баяндады.
-
Жас абайтанушының кітабы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «Китаб Тасдиқ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр.
-
#Желмая. Карантин кезінде депутаттар не істеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.
-
Юрий Ильин министр болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Құрылатын жаңа министрлік басшысының кандидатурасы келісілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елорда тұрғындары коронавирус сұрақтарымен психологиялық көмекке жүгіне алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-дің мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады.
-
Оқушыға берілген интернет не себепті тез таусылып қалатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Неге оқушыларға бір айға деп берген интернет 10 күннің ішінде бітіп қалды? Бір айға қанша Мб беріледі деген сауалдарға «Нұр-Сұлтан қаласындағы қашықтан білім беру барысы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жауап берді.
-
Алматыда тұмауға қарсы вакцина салу басталды
Алматы, BAQ.KZ. 10 қыркүйекте Алматы қаласының емханаларында жыл сайын тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Елордада автобустар бір күнге тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қадырова сабақ барысында әдепсіз слайд көрсеткендер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласындағы қашықтан білім беру барысы» тақырыбында онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
-
Сауалнама. Отбасы күнін қалай атап өтесіздер?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2013 жылдан бері қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні тойланып келеді.
-
Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 12-14 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Көпбалалы аналар тігін ісін меңгеруге ден қоюда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай онлайн брифинг барысында айтты.
-
Қазақстандықтар ғылыми-техникалық даму жөніндегі заң жобасын талқылауға қатыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі.
-
Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталықтарына биыл 29 мыңнан аса адам жүгінген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Бақытты отбасы» қалалық орталығының басшысы Зүлфия Байсақова онлайн брифинг барысында айтты.
-
Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды
Алматы, BAQ.KZ. Грузияда COVID-19 эпидемиясының екінші толқыны басталып жатыр, алайда дүрбелеңге салынуға негіз жоқ.
-
Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады.
-
«Құрбандыққа жол жоқ». Бақытты отбасын құру үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Отбасы күні 13 қыркүйекте мерекеленеді. Бақытты отбасын құру үшін не істеу керек? ОТбасының барлық мүшелері тең болуы үшін қандай қағидаларды сақтаған жөн? Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабына психология саласында 20 жыл тәжірибесі бар білікті маман, отбасы психологі Ерлан Мұстафин жауап берді.
-
Елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты елімізде бірқатар пойыздың жүру кестесі өзгергенін хабарлайды.
-
1,4 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен күресуге тартылған 1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
-
5 000 теңгелік жалған ақша жасаған алматылық сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 1 млн теңгеден астам сомаға жалған ақша жасап өткізген азамат сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 353 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 және 1 өлім жағдайы тіркелді.
-
Бақытты отбасы болудың 10 қағидасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Отбасы күні 13 қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
-
Еңбекке жарамды халықтың 92%-ы келесі жылы зейнетақы қорындағы салымын ала алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағының бір бөлігін шеше алады. Жақында нақты шекті сомалары белгіленді. Осы орайда GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың пікірін білген едік.
-
COVID-19: Қазақстанда 161 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 161 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 900 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде ауыр коронавирустан 906 195 көз жұмып, оны жұқтырғандар саны 28 миллионнан асса, 18 849 981 адам сауығып шықты. Бұл туралы Джон Хопкинс университеті хабарлады.
-
Өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 77 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Қазақстанда полицейлерді қызметке қабылдау тәртібі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Құқық қорғау органдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада бір күнде 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру, халықпен тығыз байланыс орнатып, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ауа райы: бүгін батыс пен оңтүстікте ғана жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйек – жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
Сенатта заң жобасы Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын етіп өзгертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкжайлау үшін енді шайқас болмайды. Тау шаңғысы курортын салуға берілмек болған жер Іле Алатауы ұлттық паркіне қайтарылатын болды. Бурабайдың да туризмді дамытуға берілген гектарлары ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қайта қосылады.
-
Құс тұмауы: СҚО-да құс фабрикалары қатаң карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпорындар кіріп-шыққан барлық техниканы залалсыздандырып, құстарға вакцинация жасауды бастап кетті. Бұған шекаралас жатқан Ресейде құс тұмауының өршуі себеп болған.
-
Әйгілі «Манас» эпосының қазақ тіліндегі жаңа нұсқасы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті арқылы сақталып келген «Манас» жыры қазақ тілінде жарық көрді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Абай - 175: Румыния да ұлы ақынға ескерткіш орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
-
Маңғыстау облысында ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында бір уақытта әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығулары өткізілді. Жаттығу жоспарына сәйкес, арнайы бөлімшелер дағдарыс аумағындағы шартты қарулы қақтығысты шешу бойынша тактикалық-атыс іс-қимылдарын орындады.
-
Келесі аптада республикалық жолдардың бойындағы сервистік кешендер ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 35 сервистік кешен салынады. Олардың нақты қай учаскелерде бой көтеретінін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының тікелей эфирінде мәлімдеді.
Наверх