Шымкентте күзгі әскерге шақыру басталады

11 Қыркүйек 2020, 17:32
1168
Бөлісу:
Шымкентте күзгі әскерге шақыру басталады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментiнде медкомиссиядан, тесттерден және сұхбаттасудан өтуде.  

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл күзде Шымкенттен 700-ге жуық жасты шақыру жоспарланған.

WhatsApp Image 2020-09-11 at 15.45.40.jpeg

11 қыркүйекте жасөспірімдердің бірінші тобы өздерінің конституциялық борышын орындауға аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтіп жатыр. Онда шақыру комиссиясы төрағасы және медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі. Оның қызметке бару мақсаты мен психологиялық көзқарасы тексеріледі, - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, әскерге шақырылушылардың көпшілігі әскери қызмет өткеруге жарамды. Тек бір күнде жүзден астам жас медициналық тексеруден өтеді.

Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарының хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінің жастары әскери қызметке белсенді қызығушылық танытуда, соның арқасында айтарлықтай бәсекелестік туындайды, тек үздіктер ғана әскерге бара алады.

WhatsApp Image 2020-09-11 at 15.45.43.jpeg

Шақырылушылар мен лауазымды адамдар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейту үшін құрама пункттерде медициналық бекеттер орналастырылды. Облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист-дәрігерлер енгізілді.

Жас буынмен әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПЦР-зерттеулер әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал бөлімге келгеннен кейін жастарды екі апталық карантинге оқшаулайды. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.

Сондай-ақ, кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санатын кеңейту маңызды жаңалық болып табылады. 

Енді кейінге қалдыру қосымша беріледі: 

- педагогтарға, олардың бүкіл жұмыс кезеңінде;

- құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқып жатқан адамдарға.

Өзгелердің жаңалығы