Жаңаөзен маңындағы ауыл көшелері жарықтандырылды

11 Қыркүйек 2020, 20:08
3555
Бөлісу:
Жаңаөзен маңындағы ауыл көшелері жарықтандырылды

​Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рахат ауылының әкімі Өсербай Табыншаевтың айтуынша, 45 мың тұрғыны бар ауылда 8858 жарық бағанасы бар.

Көше жарығы кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Осы орайда, «Жұлдыз» шағын ауданының Шерқала көшесінде және Құланды тас жолында орналасқан көшенің жарық бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жарық диодты шамдар орнатылды, - деді Өсербай Табыншаев. ​

​Рахат ауылындағы Т.Айдаров пен Ө.Балғымбаев даңғылының бойына жарық диодты бағаналар орнатылып жатыр. Ө.Балғымбаев даңғылында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал Т.Айдаров даңғылындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы