Көпбалалы аналар тігін ісін меңгеруге ден қоюда

11 Қыркүйек 2020, 11:13
1776
Бөлісу:
Көпбалалы аналар тігін ісін меңгеруге ден қоюда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығы жанынан екі тігін тігу цехы ашылған. Оның бірі киім дизайны, екіншісі құрақ көрпе тігуге бағытталған. 

Тігін ісі аналар арасында үлкен сұранысқа ие. Біздің орталықта екінің бірінің қолы жете бермейтін тігін жабдықтары қойылған. Үйінде тігін тігетін аналар соны пайдалана алады. Сонымен қатар, кондитерлік өнімдер жасау ісіне де сұраныс жоғары, - дейді ол. 
Сонымен қатар, жыл басынан бері көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрғызу іске асырылды.

Мәселен, тұрақты жұмыс орнымен – 572 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 42 адам, жас мамандар – 220 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 487 адам алынған. Демеушілер арқылы 11 адам өз бизнесін ашқан. 
«Атамекен» ҰКП-ның «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы 678 адам қайтарымсыз грант алды. Олардың 112-сі көпбалалы отбасы мүшелері, 556-сы аз қамтылған отбасы мүшелері, 10-ы айрықша қажеттілігі бар тұлға, - дейді Сана Жандай.
Сондай-ақ, карантин кезінде аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілген. 
10 608 отбасына азық-түлік себетін тараттық. Оған қоса, аяқ-киім, медициналық қорғаныш бұйымдары мен басқа да көмекті 704 отбасы алды. 4 отбасы баспаналы болды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы