Алматы полициясы «Бақытты отбасы» акциясын өткізді

11 Қыркүйек 2020, 15:15
1654
Бөлісу:
Алматы полициясы «Бақытты отбасы» акциясын өткізді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Отбасы күніне орай дағдарыс орталығымен бірге «Бақытты отбасы» шарасын өткізді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

7-13 қыркүйек аралығында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Алатау аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторлары «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталық» КММ-мен «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасылар орталығымен бірлесе отырып, «Өмірде ең қымбат нәрсе – отбасы» апталығын өткізуде. Науқан барысында бес бала тәрбиелеп отырған Воржеевтер отбасына барды.
 

Бұл күн отбасыларға баруға, олардың жағдайлары туралы білуге және балалармен сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Өйткені, барлық аз қамтылған отбасы бізде арнайы тізімде тіркеледі. Біз олармен үнемі байланыста боламыз. Жақсы, жарқын мереке қарсаңында біз ҮЕҰ өкілімен бірге балаларға қуаныш сыйлауды және оларға қажетті оқу құралдары мен ойыншықтар түрінде сыйлықтар беруді шештік. Осы ісімізбен біз ата-аналарға ауыртпалықты жеңілдетіп, олардың жалғыз емес екендіктерін есте сақтаулары үшін өзімізді еске түсіргіміз келеді, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күні жыл сайын белгілі бір ұранмен өтеді.



 

Өзгелердің жаңалығы