Сенатта заң жобасы Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын етіп өзгертілді

11 Қыркүйек 2020, 05:13
1492
Бөлісу:
Сенатта заң жобасы Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын етіп өзгертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкжайлау үшін енді шайқас болмайды. Тау шаңғысы курортын салуға берілмек болған жер Іле Алатауы ұлттық паркіне қайтарылатын болды. Бурабайдың да туризмді дамытуға берілген гектарлары ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қайта қосылады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Кеше Сенат осы процедураны жеңілдету туралы заң жобасын қарады.

Іс жүзінде, мұндай жағдайлар Бурабай, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің жерінде орын алып, мақсаты бойынша пайдаланылмаған бос жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайта ауыстыру мәселесі туындап отыр, - деді Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев.
Көкжайлауға құрылыс жүргізуге қарсымыз деген қоғамдағы дау 7 жылдан бері басылмай келді. Даудың соңғы нүктесін мемлекет басшысы қойған. Шаңғы базасының құрылысы алдымен бір жылға кейінге шегерілді, содан кейін шатқалдан алынған жерді ұлттық парк аумағына толығымен қайтару туралы шешім қабылданды.

Сенаторлардың айтуынша, Іле Алатауындағы Көкжайлауда 1002 гектар жер мақсатты пайдаланылмаған. Бурабайдан кезінде туризмді дамыту үшін бөлінген 360 гектар жердің 110-ы қазір қаңырап бос тұр. Енді осы жер телімдерінің барлығы мемлекетке кері қайтарылады. Ал заң жобасына сәйкес, оларды ерекше қорғалатын жерлердің қатарына қосу жеңіл әрі жылдам жүргізілмек.

Жоғары палата қараған құжат екінші оқылымға толықтырылып жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы