«Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар онлайн-форумы өтті

11 Қыркүйек 2020, 23:07
1676
Бөлісу:
«Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар онлайн-форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты республикалық жастар онлайн-форумы өтті.

Форумның мақсаты – сапалы білім алып, өзін өзі қалыптастыруға ұмтылатын, рухани жетілген, елдің, ұлттың қамын ойлайтын жастар буынын қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов, спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров және өңірлердегі Жастар ісі секторының меңгерушілері мен жастар қатысты.

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов форумның ашылуымен және келе жатқан Отбасы күнімен барлық қатысушыларды құттықтап, ҚМДБ жүйелі жұмысы үшін алғысын білдіріп, жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірлесіп жұмыс жасауға шықырды.

Шара соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жастарға арналған Үндеу қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы