Алматыда коронавирус элементтерін анықтайтын PACS жүйесі іске қосылды

11 Қыркүйек 2020, 14:53
1601
Бөлісу:
Алматыда коронавирус элементтерін анықтайтын PACS жүйесі іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифинг барысында қаладағы Денсаулық сақтау жүйесіне енгізіліп жатқан цифрлық жобалар жайлы баяндады.

Оның айтуынша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, іMеdHub компаниясымен бірге Алматы қаласындағы серверлерді жасанды интеллект алгоритмі негізінде коронавирус элементтерін анықтайтын PACS жүйесі орналастырыпты. Бұл жерде компьютерлік томография жүргізу кезеңінде суреттер ортақ бұлтты мәліметтер базасына жіберіледі. Онда таладама жасалып, суретке сипаттама қосылады. 
PACS - барлық радиологиялық суреттерді талдап, архивтендіру жүйесі. Біз Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және ІТ мамандарының қолдауымен медицинадағы нейрондық желіні пайдалана білдік. Яғни, мәліметтерді сақтау базасын жасадық. Оған полицияны жұмылдырдық, келесі кезеңде емханалармен жұмыс істейміз. Алматыдағы барлық ренген аппараттары, компьютерлік томография біріктірілген желіге қосылады. Яғни, ренген неме КТ түсірілімі қағаз күйінде қалмайды, оның суреттері ортақ мәліметтер базасына келіп түседі,-дейді ол. 
Б. Қоңырбаев бұл процестің науқастарға диагностика жасауда пайдасы зор екенін айтады.
Бұл жерде науқастың сырқаты жайлы алдын ала болжам емес, нақты диагноз қоюға жағдай жасалады. Оған қоса, адам ағзасындағы қандайда бір патологияның даму барысын бақылап отырамыз немесе оның 2-3 жылдағы емделу барысын көріп отыруға болады. Сондай-ақ, түсірілген суреттерге қарап отырып оның ағзасындағы қандайда бір өзгерістерді бақылай аламыз, яғни алдағы уақытта қандай сырқаты болатынын алдын ала біліп, оны асқындырмай емдеуге жіберуге болады,-дейді ол. 
Мұндай тың дүниелер Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға септігін тигізбек. Қазіргі таңда аталған базаға №1 және №7 қалалық аурухана, фтизиопульмонология орталығы, онкологиялық орталық пен онологиялық институт қосылған. Алдағы уақытта қаладағы 56 поликлиника да осы базаға қосылады.



Өзгелердің жаңалығы