5 000 теңгелік жалған ақша жасаған алматылық сотталды

11 Қыркүйек 2020, 09:36
1588
Бөлісу:
5 000 теңгелік жалған ақша жасаған алматылық сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 1 млн теңгеден астам сомаға жалған ақша жасап өткізген азамат сотталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ  Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1988 жылы туған ҚР азаматына қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізді. Тергеу барысында жалған купюраларды дайындау, сақтау, тасымалдау және сату анықталған.

Тергеу кезінде Алматы қаласының тумасы Алматы облысы аумағында жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша қаражатын өткізгені анықталды, - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК  231-бабының 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы