Елордада автобустар бір күнге тоқтатылады

11 Қыркүйек 2020, 11:37
860
Бөлісу:
Елордада автобустар бір күнге тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін.

Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жолға шығады.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.


Өзгелердің жаңалығы