Абай - 175: Румыния да ұлы ақынға ескерткіш орнатты

11 Қыркүйек 2020, 02:15
1983
Бөлісу:
Абай - 175: Румыния да ұлы ақынға ескерткіш орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Іс-шараға Румыния жоғары лауазымды тұлғалары мен белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты. Олардың арасында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску, Парламент палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке бар.

Салтанатты ашқан Қазақстанның Румыниядағы елшісі Рүстем Нұрбахов Абай ескерткіші екі халықтың өзара құрметінің айқын белгісі екенін айтты. Жиында Абай қара сөздерінің румын тіліне аудармасының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін суретші Алуа Тебенованың туындылары көрсетілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақтың ұлы ақынына орнатылған әлемдегі басқа да ескерткіштер туралы кеңірек қамтып жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы