Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 900 мыңнан асты

11 Қыркүйек 2020, 08:18
1269
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 900 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде ауыр коронавирустан 906 195 көз жұмып, оны жұқтырғандар саны 28 миллионнан асса, 18 849 981 адам сауығып шықты. Бұл туралы Джон Хопкинс университеті хабарлады.

Індет жұқтырған адамдар санының көптігі жағынан АҚШ көш бастап келеді (6,3 млн). Екінші орында – Үндістан (4,4 млн), үшінші орында – Бразилия (4,2 млн), одан кейін Ресей (1 млн).

Аурудан көз жұмудың ең көп оқиғасы да АҚШ-та тіркелді (191 мың), екінші орында Бразилия (129 мың) және «үштікті» Үндістан (75 мың) түйіндеп отыр. COVID-19 жұқтырып, 18 мыңнан астам адам қайтыс болған Ресей бұл тізімде 12-ші орында.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қарқыны өскенін хабарлап, коронавирус пандемиясы әлі ұзаққа созылатынын ескерткен еді. Кейбір елдерде билік пандемияның екінші толқынын белгілеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы