Айыппұл мәдениетімізді көтере ала ма?

11 Қыркүйек 2020, 13:28
1264
Бөлісу:
Айыппұл мәдениетімізді көтере ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтардың қоршаған ортаны қорғау мәдениеті мен жалпы этикасын заңмен, айыппұлмен көтеру қаншалықты дұрыс? Осы сауалға «Желмая» жобасының осы шығарылымында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жауап берді.


Елімізде жануарларға қатысты жасалатын зомбылық өзге қылмыстардан бес есе жоғары екен. Жалпы отандастырымыздың қоршаған ортаны қорғауға қатысты да мәдениеті төмен екендігін әлеуметтік желіден байқап қаламыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі өскелең ұрпаққа экологиялық білім беру мен жануарларды қорғауға қатысты мәселе көтерді. Елімізде жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасы дайындалуда. Алайда қатыгездік, жауапкершіліктің аздығы мәселесі заңмен, айыппұлмен шешіле ме?
Бұл қоғамның жанды жері емес, жанайқай десе де болады. Шынымен әлеуметтік желіде жануарларға қатысты зорлық-зомбылық видеосын көргенде жаның түршігеді. Жәндіктің де жаны бар. Аяушылық сезімі болмаған адам ұрпағын қалай тәрбиелейді. Оны заңмен тыймасақ өскелең ұрпаққа залалы тиеді. Кешегі Көбейтұздағы жағдай да елімізде қоршаған ортаға қатысты заңды қатаңдату қажет екенін көрсетті. Мұны қатаң заңмен және айыппұлмен жоюға болады, - деді ол.
Оның айтуынша, талап болмаған жерде тәртіп жоқ.
Айыппұл төлегісі келмесе, тәртіпті бұзбасын. Ол да бір құрал. Мысалы, Еуропа елдерінде айыппұлдар біздікінен көп жоғары. Бір ғана көшеде түкірген үшін 250-300 еуро көлдемінде айыппұл төлейді. Сондықтан ешкім көшеде түкірмейді. Әрине жаза тәрбие емес. Сондықтан ел мектептерінде экология пәні енгізілмек, БАҚ – та қоршаған ортаны қорғау туралы көбірек насихаттауы қажет, - деді Геннадий Шиповских.


Өзгелердің жаңалығы