Уақыт бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр – Балаева

11 Қыркүйек 2020, 15:27
1921
Бөлісу:
Уақыт бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Уақыт бізден отбасы мен бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында  айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы мейрамы деп белгіленген. Айтулы мейрам қарсаңында отбасын дамыту, бала тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесін талқылауды жөн көрдік. Жалпы, бұл тақырып көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі болатын. Арнайы топтар құрылып, осы мәселені талқылағанымыз да бар. Бүгінгі дөңгелек үстелдің жөні бөлек. Себебі осы мәселемен жылдар бойы айналысып, проблемалардың шешу жолдарын айтып жүрген азаматтар шақырылды, - деді Балаева. 

Министр әрбір отбасындағы жетістік те, кемшілік те бүкіл қоғамның ортақ көрсеткіші екенін атады. Өкінішке қарай, жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіздіктер болатынын айтты. 

Суицид, қатыгездікке бейімдігі, толеранттылықтың төмендігі біржақты қарайтын дүние емес. Дегенмен, түп негізінде отбасының рөлі зор деп санамаймын. Мемлекетшіл азамат отбасынан алған ұлттық тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтардан қалыптасатыны белгілі. Пандемияға дейін балаға білім беру ісіне балабақшалар мен мектеп жауапты деген пікір болды. Карантин кезінде бұл көзқарас түбегейлі өзгергенін көріп отырмыз. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі арта түсті, - деді ол. 

Балаева атап өткендей, уақыт бізден отбасы мен бала тәрбиесіндегі құндылықтарға жауап қырынан қарауды талап етіп отыр.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұлттық болмыс, ұлт сапасын арттыруды айтты. Әлем бүгінде күн сайын өзгеріп жатыр. Өмірімізге жаңалықтар жан-жақты еніп жатыр. Бұл орайда ұлттық құндылықтар мен заманның озық үлгілерін ұштастыра отырып, балаға білім беру біздің басты мақсатымыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы