Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылады

11 Қыркүйек 2020, 10:33
1078
Бөлісу:
Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Сараптамалық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, министрліктің сайтында министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру орналастырылған.  

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 4 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
 



Өзгелердің жаңалығы