Қызылордада бір күнде 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

11 Қыркүйек 2020, 07:23
1614
Бөлісу:
Қызылордада бір күнде 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру, халықпен тығыз байланыс орнатып, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, деп хабарлады Polisia.kz.

Жалпы, қалада 79 әкімшілік учаске орналасқан. Өткен жылмен салыстырғанда, құқық бұзушылықтар саны азайды. Қоғамдық орындарда – 37,6%, көшелерде – 28,2%, бұзақылық – 48,6%, тонау-50,7%, ұрлық – 54,8%.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күн ішінде учаскелік инспекторлар 100-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 195 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен қадағалаусыз жасөспірімдер анықталды. Іс-шара аясында 790-нан астам жеке үй, оның ішінде 404 пәтер және 34 саяжай алқабы тексерілді. Барлық тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Жалға берілетін 9 пәтер араланды. Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша 47 атыс қаруының иесі тексерілді, - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Айта кетсек, 7 қыркүйекте басталған бұл бағыттағы жұмыс 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы