Түркістан облысында 650 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

11 Қыркүйек 2020, 19:44
1189
Бөлісу:
Түркістан облысында 650 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы экономикасының басты тірегі – ауыл шаруашылығында 235,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7%- ды құрады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Әлемде орын алған карантиндік режимге қарамастан, өңірде жалпы 654 мың тонна өнім экспортталып, табыс көлемі 70,0 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. Облыс әсіресе ірі қара мал етін экспортау бойынша республикада алда келеді.

Экспорт табысын жыл соңына дейін 97,2 млн АҚШ долларына жеткізу жоспарлануда.  Облыста, сондай-ақ, егін шаруашылығының егіс көлемі 846,1 мың гектарға жеткізіліп, 17,0 мың гектарға артқан. Қарқынды баулардың көлемі 3,7 мың гектарға жеткізіліп, жүзімнен 100,0 мың тонна өнім алынды. Жаңадан 2,4 мың гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 20,0 мың гектарға жетті. Диқандар тамшылатып суару жүйесінің тиімділігі арқасында өнім көлемін арттырған, - делінген ақпаратта.

Облыста сонымен қатар инвестициялық субсидия бағдарламасы жаңа бағыттағы жобаларға ірі инвесторлар тартуға оңды ықпалын тигізуде. 2019 жылы 1 524 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілсе, биылғы жылы 7 айда 6,0 млрдтеңгеге 1433 жобаға қолдау көрсетілген. 

Әкім облыста ауыл шаруашылы саласында үш басым бағыт қолға алынғандығын атап өтті.  Әсіресе, жаңбырлатып суғару әдісі мен азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы және үй іргелік шаруа қожалықтарын дамытуға аса ден қойылып отыр. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы аясында 31,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар іске асырылуда. 

Өзгелердің жаңалығы