Денсаулық сақтау министрі неге БАҚ алдына шықпай жүр?

11 Қыркүйек 2020, 17:44
1312
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрі неге БАҚ алдына шықпай жүр?

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бағдат Қожахметовтің сөзінше, министр Алексей Цой мен вице-министрлер БАҚ өкілдерінің де, ел тұрғындарының да сауалдарына жауап беруге әркез дайын.

Неге ведомствоның медициналық білімі бар өкілдері брифингтерге қатыспай жүр? БАҚ өкілінің бұл сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемиологиялық іс шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

Оның айтуынша, министр Алексей Цой мен вице-министрлер БАҚ өкілдерінің де, ел тұрғындарының да сауалдарына жауап беруге әркез дайын. Жауап беріп жүр де.

Күні кеше ғана Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен брифинг өтті. Қазіргі күні министр де, оның орынбасарлары да өңірлерге сапар шекті. Ол жақта аймақтардың күзгі эпидемиологиялық маусымына дайындығы пысықталуда. Қазіргі күні министрлік өкілдерінің баспасөз мәслихатын өткізуге қатысты медиа жоспары жасалды. Алдағы бір-екі күнде ол бекітіледі. Сол кезде оны көпшілік назарына да ұсынамыз. Ол жерде министрден бастап, оның орынбасарлары, әр құрылым басшыларының қай күні халық алдына шығып, брифинг өткізетіні туралы ақпарат беріледі. Олар кез келген платформада халықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап беретін болады, - деді Бағдат Қожахметов.
Айта кетейік, Қазақстан вакцинациялау мен иммунизациялауға бағытталған халықаралық COVAX (Ковакс) бастамасына қатысатын болды. Сондай-ақ, вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталмай жатып алу маңызды екені анықталды.

ДСМ ресми өкілі вирус өршіген жағдайда еліміздегі ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдауға қауқарлы екеніне сендірді.

Сонымен қатар, брифинг барысында Бағдат Қожахметов Үкімет тарапынан Қазақстанның шекарасын жабу немесе белгілі бір шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдануы да мүмкін екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы